ЖОО-на грантқа түсу үшін ҰБТ-да қанша балл жинау керек

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық тестілеу орталығы түсіндірді

Фото: pixabay.com

Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектеріне пайдалы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Грантқа түсу үшін ҰБТ-да қанша балл жинау керектігі айтылды.

«Мысалы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грантқа түсу үшін 77 баллдан, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 110 баллдан жоғары балл жинау керек, ал SDU University-не түсу үшін 120 ұпайдан жоғары болуы шарт», - делінген ақпаратта.

Университеттердің толық тізімін және олардың шекті баллдарын мына жерден табуға болады.