Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

12 маусымда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында ауа сапасы ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.