БҚО-да 18 жастағы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен оралмаған

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік ПД мәліметінше, Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұратын Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған.

«Бойы 175-180 см, арықша келген, қысқа қиылған шашы ақшыл. Аутизммен ауырады. Үстіне қара көйлек, көк шорты, аяғына көк кроссовка киген. Көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 телефонына қоңырау шалулары сұралады», - делінген хабарламада.