Бағдат Мусин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұрынғы министр кеше «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді

Фото: instagram.com/bagdatmussin

Бағдат Мусин жаңа тағайындалған қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, бұрынғы министр Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен  «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.