Оралда қатты қалдықтар полигонынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Орал қаласы Зачаган кентінен 15 шақырым қашықта орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше еткендей, 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс жанды.

«ICM Recycling» ЖШС теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы — 37 гектар. 

 «10 маусым күнгі сағат 17.20-дағы мәлімет бойынша «тілсіз жауды» ауыздықтауға 9 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жанған аумақ 8 маусым күні сағат 02.16-да оқшауланғанымен, әлі бықсып жатыр. Бүгін көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді», - делінген хабарламада.