11.06.2024, 06:43
Жаңалықтар
Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің денесі іздестірілуде
ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің денесі іздестірілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше 10 маусымда сағат 14-30-да Кенжекөл ауылында Ертіс өзенінде шомылуға жабдықталмаған жерде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Өңірлік ТЖД бір топ адам шомылуға жабдықталмаған жерде демалғанын атап өтті.
ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды