09.06.2024, 00:30
Жаңалықтар
Ақмола облысында 33 тұрғын алаяқтардың құрбаны болды
Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында 33 тұрғын алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тағы да маркетплейстер арқылы тауар сатып алу, сондай-ақ қоңырау шалған «ұялы байланыс операторларына» сену арқылы азаматтар ақшасынан айырылды.
Осы аптада белгісіз тұлға облыс тұрғынына телефон соғып, өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен 750 мың теңге несие ресімдеген.
Басқа бір жағдайда, OLX арқылы пәтер жалдағысы келген 3 адам алаяққа 115 000 теңге алдын ала төлем аударған.
Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды.
Облыс прокуратурасы сатушының сенімділігіне көз жеткізбей, тауардың толық төлемін аудармауға кеңес береді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат