Каспий теңізіне соңғы 5 жылда 58 адам батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар арасында кәмелет жасқа толмаған 14 бала бар

Фото: istockphoto.com

Каспий теңізінде соңғы 5 жылда 58 адам жазатайым оқиғадан көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, қаза болғандар арасында кәмелет жасқа толмаған 14 бала бар.

«Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін Маңғыстау облысының прокуратурасы судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген хабарламада.