«Бірнеше рет пара алған»: «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы ақталып, орынбасары сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Орынбасары 11 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Алқабилер соты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевты ақтап шықты. Ол осыған дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Енді оның мерзімін бұрынғы орынбасары алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Алматы облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сот мәліметінше, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

«Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі).

ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі)», - делінген хабарламада.

Сотпен мынандай мәселелердің шешімі анықталды.

2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алған.

Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша берген.

Ал сотталушы П., ЖШС директоры бола тұра, жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алқабилер алқасы нәтижесінде мынандай шешім (көпшілік дауыспен) шығарды:

К. өзіне тағылған айыптар бойынша ақталды.

«ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.

П. ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизодқа бойынша ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабының 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды», - деп хабарлайды облыстық сот.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдірілуі мүмкін.