Екібастұзда жылу жүйесі қыс мезгіліне дайын ба?
Сынақ жұмысы жоспарланып отыр
«Экибастузтеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 маусым күні №2, 3, 4, 6, 11, 16 жылу магистральдарының гидравликалық сынақтары жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 11 маусым күні №13, 14, 15, 16 жылу магистральдары мен қаланың магистральдік желілерінің беріктігі мен тығыздығы тексеріледі, сондықтан бұл кезеңде қалада ыстық су болмайды.
«Жылыту жүйелеріндегі жарылуларды болдырмау үшін №1, 2 ысырмаларды жабу керек, сонымен қатар бітеуіштерді орнату керек. Бұл шараларды сақтамау материалдық шығынға және жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін», – деп ескертті кәсіпорын.
Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша құбыр желісінің жекелеген учаскелері жөнделеді.
«Сынақтар аяқталғаннан кейін ешқандай бұзылу байқалмаған жылу желілерінен қуат алатын барлық үйге ыстық су беріледі», – деп атап өтті жылу қызметкерлері.