Әлеуметтік желіде пікір жазушылар оған айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты
Астана тұрғынының су басқан көшені серфинг тақтасымен жүзіп өткен видеосы әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға мән берсек, оқиға Иманов көшесінде болған. Әлеуметтік желіде пікір жазушылар оған айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты.
«Яндекс қайық», «Қазір дұрыс емес жерден жүзіп өтті деген айыппұл ойлап табуы мүмкін», «Иманов көшесін ылғи су басады, бұл сенсация емес», «Бастысы айыппұл салмаса болғаны», «Бұл Иманов көшесінде ме? Бізде ондай болған емес, келесі слайдқа ауыстырыңызшы» - деп жазған пікір иелері.