Өрт Әуезов ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған
Алматы қаласында көпқабатты үйде болған өрттен ерекше қажеттілігі бар әйел адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Әуезов ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балконда өрт шыққан.
«Құлыптаулы пәтерде 1972 жылы туған ерекше қажеттілігі бар әйел болды, оны 17-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары Ержан Әбдіров пен Қайрат Мұратбаев есікті ашып, қолымен алып шықты. Тексеру үшін дәрігерлер бригадасына берілді», - делінген хабарламада.