Түркияның әйгілі әншісі: Қазақ қыздарының еті тірі, олардың шашы, дене бітімі – бәрі керемет

Автор: Azattyq Rýhy

Әнші сахнада айтқан сөзінде қазақ жігіттерінің жолы болғанын ашық айтты

Фото: instagram.com/mustafasandal24

Түркияның әйгілі әншісі Мұстафа Сандал өз концертінде қазақ қыздары туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұстафа Сандал сахнада айтқан сөзінде қазақ жігіттерінің жолы болғанын ашық айтты. Ол қазақ қыздарының артықшылығын жасырып қалған жоқ.

«Қазақ қыздарының еті тірі, олардың шашы, дене бітімі – бәрі керемет. Қазақ қыздары міне осындай. Сол үшін қазақ жігіттері, маған олай қарамаңдар. Қазақ жігіттерінің жолы болған. Қазақ жігіттері басқа қыздарды көрмеген соң түсінбей жүр. Тек көрген соң түсінеді. Сондықтан қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар. Қазақ қыздарының қадірін біліңіздер, бағалаңыздар. Қазақ қызына үйлену – Алланың сіздерге берген нығметі», - деді әнші концертінде.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жуырда 24 жылға сотталғаны туралы сот үкімі шықты.