Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалды
Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғарғы сот хабарлауынша, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша «мәселені шешкені үшін» 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.
Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалды.