СҚО-да су тасқынынан 200 бизнес субъектісі зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Кездесуде кәсіпкерлер техникалық тексеру жүргізуге, бизнес объектілеріне келтірілген залалды бағалауға, сондай-ақ көзделген өтемақыларды төлеу мөлшері мен мерзімдеріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

«Барлық мәселелер бойынша бизнесмендерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді, жекелеген проблемалар толық шешілгенге дейін бақылауға алынды. Өңірлік комиссия кәсіпкерлерге келтірілген мүліктік зиян үшін өтемақы төлеу жөніндегі өтініштерін жедел қарауға бағытталды», - делінген хабарламада.

Облыс бойынша табиғи апат салдарынан барлығы 200 бизнес субъектісі зардап шекті.