Алматы қаласында 300-ден астам белсенді қала көшелерін тазалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күні кеше партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Партия мүшелері өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар және жол бойындағы аумақтарды қамтитын 475 учаскені айқындады.
«Атап айтқанда, Алматыда бір мезгілде 300-ден астам белсенділер мен партияластар жалпы ауданы 1 гектарға жуық 7 учаскені ретке келтірді», - деп хабарлады партия филиалы.
AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалы хабарлағандай, қалада: