Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен 31 мамыр күні кеткен болатын
Қазақстан ұлттық құрамасы және Қазақстан футбол федерациясы ұжымы Магомед Адиевпен қоштасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Футболшылар мен әкімшілік штабы Магомед Мұсаұлына ұмытылмас эмоция сыйлағаны үшін алғыс білдірсе, ҚФФ ұжымы бапкерге кестелі шапан кигізіп, шығарып салды», - делінген хабарламада.
Ұлттық құраманың бапкерді салтанатты түрде шығарып салған сәті федерацияның ресми аккаунтында жарияланды.
Айта кетейік, 31 мамыр күні Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені туралы мәлім болған еді.