Антикор жүргізуші куәлігін заңсыз беретіндермен күресті жалғастырып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандандырылған ХҚКО-ларда жемқорлықты жою мәселесі қарқын алған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне кешенді мониторинг жүргізе отырып, көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол құжаттарды кедергісіз қабылдап, жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деген күдікке ілінген», - деп хабарлайды Антикор.

Осындай жемқорлықтарға жол бермеу үшін Агенттік уәкілетті органдарға жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар енгізген. Сол ұсыныстар «көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің» жаңа редакциясында көрініс тапқан.