Африка құрлығының 3 азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған

Фото: Алматы қалалық ПД

Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, өз мемлекеттеріне кері қайтаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған жұмыс «Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында іске асырылды.

«Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.