Назым Қызайбай Париж олимпиадасына барады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен әйелдер бойынша бокстан Олимпиадаға 3 боксшы барады

Фото: Olympic.kz

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 2 дүркін Әлем чемпионы, 50 келідегі Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Сонымен әйелдер бойынша бокстан Олимпиадаға 3 боксшы барады. Олар:

– 50 келі: Назым Қызайбай

– 57 келі: Карина Ибрагимова

– 75 келі: Валентина Хальзова