Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына барады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-ші мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады

Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста Молдова споршысынан басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бангкок қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-ші мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.