Әртістік жүзуден әлем кубогында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Автор: Azattyq Rýhy

Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті

Фото: instagram.com/druzin.viktor

Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.

Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл екі спортшының да әлем кубогындағы алғашқы алтыны.