ІІМ жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін екенін хабарлады
Жазғы демалыс алдында интернеттің балалар үшін несімен қауіпті? Полиция ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, «оң-солын» дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін.
Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.
Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
«Өзіңізге және балаларыңызға сақ болыңыз», – деді ІІМ ата-аналарға үндеу жасап.