Алдағы екі жылда жас ғалымдар зерттеуіне 18 млрд теңге бөлінеді

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл жас ғалымдарға 200 пәтер беріледі

Фото: istockphoto.com

Алдағы екі жылда жас ғалымдар зерттеуіне 18 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді», - деді Президент.

Былтыр 284 жас ғалым баспана алды.

«Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді Мемлекет басшысы.