31.05.2024, 16:25
Жаңалықтар
Ертең Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдайды
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді
Фото: Ақорда
Алматы халықаралық әуежайының Корпоративтік коммуникациялар департаменті жаңа терминал ертең іске қосылатынын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылы жаздың соңына жоспарланған болатын. Бірақ жолаушылар ағыны тез өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлы болуы үшін барлық жұмыстар жеделдетілді. Жаңа терминал алғашқы рейстерді 1 маусым күні қабылдайды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 4 айында әуежай 3,3 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)