Алдағы тәулікте күн райы 35 градусқа дейін ысиды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазгидромет РМҚ ауа температурасы бірден ыситынын хабарлады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 1, 2 және 3 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірде жаңбыр жауады, найзағай соғады, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

«Республиканың солтүстігі мен орталығындағы ауа температурасының біртіндеп 17-27 жылуға, ал елдің оңтүстігінде 27-35 жылуға дейін көтерілуі күтілуде», - делінген хабарламада.