31.05.2024, 10:59
Жаңалықтар
Алматы қаласынан 132 шақырым жерде жер сілкінді
Жамбыл облысы Қордай кентінде 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Фото: freepik.com
Қазақстанның оңтүстігінде 31 мамыр күні таңертең жер сілкінді. Магнитудасы 4,4 балл болатын жерасты дүмпулері еліміз бен Қырғызстан шекарасында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 31 мамырда Астана уақыты бойынша 10 сағат 13 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары - 43.21 75.20.
Жер сілкінісі ошағы ҚР аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 132 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы: Жамбыл облысы Қордай кентінде 2 балл жер сілкінісі сезілді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды