Күдіктілер қамауға алынды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жедел іздестіру шаралары барысында есірткі таратумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тергеу барысында 27 және 25 жастағы екі қатысушы есірткіні жеткізуге, қаржыландыруға және сақтауға жауапты негізгі ұйымдастырушылары екені белгілі болды. Топтың қалған мүшелері елорда аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан», - делінген хабарламада.
Тінту кезінде 330 бума есірткі заттары, электронды таразылар, көптеген магниттер мен қапшықтар табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құраған. Олар мефедрон, MDMA (экстези), Alfa PVP (скорость) сияқты синтетикалық препараттар.
Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.