30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндады:
Сондай-ақ, Үкімет басшысы зардап шеккен азаматтар үшін 1862 жаңа үй салынып жатқаны туралы мәлімет берді: Батыс Қазақстан облысында 394, Қостанай облысында 184, Атырау облысында 48, Ақтөбе облысында 494, Ақмола облысында 273, Солтүстік Қазақстан облысында 500, Павлодар облысында 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2947 отбасыға баспанасын жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы төленген.
Ал зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр. Бүгінде 4115 отбасы жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 2,3 миллиард теңгеден асқаны айтылды.
Үкімет басшысының айтуынша, тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Аймақтық комиссиялар тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 өтінімін қарастырып, мақұлдаған. Оған жалпы сомасы 21 миллион теңге бөлінген. Жалпы, шығынды өтеу және құжаттарды өткізу тәртібін білу үшін 1432 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алдын ала бағалау бойынша су тасқынынан 731 бизнес субъектісі зардап шеккен.