$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылдық жүргізушілерден антирекорд: жол ережесін бұзғандар 3 күнде 49 млн теңге төледі

Төленбеген айыппұлдары бар 301 автокөлік арнайы тұраққа қойылды

Жамбылдық жүргізушілерден антирекорд: жол ережесін бұзғандар 3 күнде 49 млн теңге төледі
Фото: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған борышкерлерден 49 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Борышкер – 2024» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті деректер базасы бойынша жүргізушілерді тексеруді жүзеге асырды.

«Үш күн ішінде мемлекет бюджетіне 48 млн 956 мың теңге өндірілді. Төленбеген айыппұлдары бар 301 автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – деді Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жайдарбек Құттыбаев.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері облыс орталығында BMW көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жылдамдықты асырғаны үшін 3 төленбеген нұсқама анықталды. Борышкердің көлігі айыппұлдары толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл көлемінің 50%-ын төлеуге құқылы екенін еске салады.
 

Серіктес жаңалықтары