Олар заңсыз жұмысын жүзеге асыру үшін әлеуметтік желіні пайдаланған
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Telegram мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтеме таратқан.
Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктер, т.б. қасиеті сипатталған. Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған, яғни, сатушы мен сатып алушының физикалық байланысынсыз есірткіні жасырын және заңды түрде сату жүзеге асырылған.
Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың қызметі тоқтатты.