Қосшыда «Халық заңгері» акциясы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылады

Фото: istockphoto.com/Zolnierek

30 мамырда Қосшыда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқанында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарын қызықтырған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеседі.

Іс-шара 2024 жылдың 30 мамырында, таңғы сағат 10:00-11:00 аралығында Қосшы қаласы, Республика көшесі 46 (әкімдіктін ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.

Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zаkon.kz» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші заңгерлері ұйымдастырады.

Айта кетсек, аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылады.

Тегтер: