Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тәулік ішінде 243 230 куб метр су сорылды

Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаменті күшімен бау-бақша серіктестіктері және Жайық өзені маңында орналасқан жеке тұрғын үй секторлары учаскелерінен су сору жұмыстары жүргізілуде. Тәулік ішінде 243 230 куб метр су сорылды.

ТЖД департаментінің қызметкерлері су басқан аумақтарды патрульдеуде.