Құлсары түгел көшіріле ме – министр жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Қанат Шарлапаев салынып жатқан үйлердің құрылыс материалдары жайлы айтты

Фото: Ақорда

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары түгел көшіріле ме? Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Әрине, жоқ. Құлсары – үлкен қала. Мұндай жағдайда әрдайым екі түрлі шешім бар. Елді мекен тұтас су астында қалса, оны көшіру. Ондай жағдайлар бар. Мәселен, Ақтөбеде, Қобда ауылын жоғарылау жерге қайта тұрғыздық. Екінші жолы – гидротехникалық құрылыс салу. Мысалы, жазық даладан су келу қаупі болса, су каналы болуы тиіс, өзеннен қаупі болса, бөгеттер салынады», - деді министр.