$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

40 млн тг пара: Антикор ТЖМ жоғары лауазымды шенеуніктерінің ісін сотқа берді

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

40 млн тг пара: Антикор ТЖМ жоғары лауазымды шенеуніктерінің ісін сотқа берді
Фото: ҚР ТЖМ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ өртке қарсы қызметінің басшысына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

ТЖМ өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент және Жетісу облыстарының ТЖД басшыларына қатысты тергеу аяқталды.

«Лауазымды тұлғалар жүйелі негізде бизнес өкілінен жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам пара алды деп күдіктелуде. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖМ жоғары лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін 2023 жылдың жазында ұсталды. 2023 жылғы 21 шілдеде сот ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент және облыс ТЖД бастықтарын қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары