Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады. 

Фото: Azattyq Ruhy/Әсет Құндақбаев

Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.