Спортшы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір Қазақстан командасының қоржынында 54 лицензия болды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Стенд атудан Ұлттық құрама спортшысы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скит бағдарламасында бақ сынайтын отандасымыз жаңартылған әлем рейтингінде 1-орнын сақтап қалып, қалған жалғыз квотаға қол жеткізді.

Қазір Қазақстан командасының қоржынында 54 лицензия болды.