Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

22 сәуір сағат 9:25-гі жағдай

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 30 адамға артып, 2025-ке жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Жұқтырудың жаңа деректері Нұр-Сұлтан (8), Алматы (2), Қостанай облысы (7), Маңғыстау облысы (2), Павлодар облысы (2), Жамбыл облысы (6) және Батыс Қазақстан облысында (2) тіркелген.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2025 адамға жетіп отыр. Олардың ішінде:

  • Алматы қ. – 680,
  • Нұр-Сұлтан қ. – 401,
  • Қызылорда облысы – 151,
  • Шымкент қ. – 103,
  • Қарағанды облысы – 101,
  • Ақмола облысы – 83,
  • Атырау облысы – 82,
  • Жамбыл облысы – 76,
  • БҚО – 72,
  • Түркістан облысы – 66,
  • Алматы облысы – 55,
  • Павлодар облысы – 37,
  • Қостанай облысы – 34,
  • СҚО – 30,
  • Ақтөбе облысы – 27,
  • Маңғыстау облысы – 16,
  • ШҚО – 11.