Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағы апатқа ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Әзірбайжан шекарасында орналасқан Джульфа қаласының маңында болды

Фото: AP/AP

Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ «апатты қонуды» орындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Associated Press Иран Мемлекеттік теледидарының мәліметінше, Президенттің тікұшақ экипажы өз бетінше байланысқа шықты.

Раиси Шығыс Әзірбайжан провинциясына бет алған еді. Мемлекеттік теледидар бұл оқиға Иранның астанасы Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде, Әзірбайжан шекарасында орналасқан Джульфа қаласының маңында болғанын хабарлады.

IRNA жазғандай, тікұшақтың ішінде Раиси, аятолла али-Хашем, имам Джума-Табриза, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмат және тағы бірнеше адам болған.

Ауа-райының қолайсыздығы мен қатты тұман құтқару топтарының жұмысын қиындатты.

Президенттің әуе колоннасында барлығы үш тікұшақ болды. Екеуі діттеген жерге аман-есен қонды.

Ал бір ұшақтың қонған жері іздестірілуде.