Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығуда күміс жүлде иеленген болатын
Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл отандасымыздың сары құрлық чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығуда күміс жүлде иеленген болатын.