Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шегінен төмендемей тұр – жедел штаб

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлік жедел штаб хабарлама таратты

Фото: zhaikpress.kz

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 19 мамыр күнгі сағат 08.00 өзгеруі (18 мамыр, сағат 08.00 салыстырғанда):

  • с. Индербор - 6 см, су деңгейі - 1021 см, шекті деңгейі – 845 см;
  • с. Махамбет + 3 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі – 850 см;
  • Атырау қ. + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі – 550 см;
  • Жаңаталап ауылы + 2 см, су деңгейі - 412 см, шекті деңгейі – 500 см;
  • с. Еркінқала + 2 см су деңгейі - 370 см, шекті деңгейі – 450 см.