Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5
Сейсмологтар Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сейсмикалық стансалар желісі жер асты дүмпулерін 19 мамырда Астана уақытымен 05:45-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. MPV магнитудасы – 5,0», - делінген Сейсмикалық стансалар желісі таратқан хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілетіндігі туралы мәліметтер жоқ.