Канадада TikTok медиа платформасын пайдаланбау ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Канадалық қауіпсіздік барлау бөлімінің бастығы платформа Қытай Үкіметі үшін ақпарат жинау арнасы болып табылатынына сенімді

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Канаданың қауіпсіздік барлау бөлімінің (CSIS) басшысы Дэвид Виньо TikTok әлеуметтік медиа платформасын пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы сайтына сілтеме жасап.

Виньо CBC News-ке берген сұхбатында TikTok туралы ескерту жасады.

Оның сөзінше, Қытай үкіметі аталған платформа арқылы бүкіл әлем бойынша кез-келген адамның жеке деректері туралы ақпарат ала алады..

Қытайда деректерді өңдеу және талдау орталықтары бар екенін және жасанды интеллект дамып келе жатқанын ескере отырып, ол түпкі мақсат әрқашан Қытай Коммунистік партиясының мүдделерін қорғау екенін алға тартты.

Көптеген елдерде, әсіресе АҚШ-та TikTok «Ұлттық қауіпсіздік» мәселесі ретінде қарастырылады.

АҚШ Федералды тергеу бюросының (ФБР) директоры Кристофер Врей қытайлық Bytedance компаниясының басты серіктесі болып табылатын TikTok қосымшасы Қытайға миллиондаған пайдаланушылардың деректерін бақылауға мүмкіндік береді деп сендірді.

TikTok деректерін АҚШ-қа тасымалдауға жол ашатын және бас тартылған жағдайда оған тыйым салатын заң жобасына АҚШ президенті Джо Байден 24 сәуірде қол қойып, күшіне енді.