Алматыда салынып жатқан модульдік аурухананың құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінген

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін әлеуметтік желілерде емдеу орталығының құны 7,4 млрд теңге болады деген ақпарат тараған болатын

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған аурухана 280 орынға арналған. Әкімдік құрылысқа жоспарланған қаражаттан әлдеқайда аз жұмсалғанын айтып отыр. Енді қалған ақшаға медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.

Ал, құрылыс компаниясы жедел құрылыс жұмыстарында қолданылатын open book принципі бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта құрылысы әлі аяқталмаған, бірақ құрылыс салушының алдын-ала мәліметтері бойынша жұмыс барысында айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді. Соның есебінен медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар, құрылыс жүргізуші жұмысты өзіндік құны бойынша орындауға міндеттелді. Нақты есептер нысан аяқталғаннан кейін хабарланады. Аурухананың салыну құны 7,4 миллиард теңгені құрайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен алдын-ала дайындалған жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. Аурухана 280 орынға арналған. Соның ішінде орын интенсивті терапия бөлімшесіне арналады.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы