Олар сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді де төлемейді
Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысып жүрген медицина қызметкерлері 2020 жылғы 1 наурыздан бастап салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл шешім Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі Қаулысына сәйкес қабылданды. Атап айтқанда, олар:
- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- індетті зейнетақы жарналарынан;
- әлеуметтік аударымдардан;
- МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жарналарынан босатылды.