Республика бойынша 54703 адам өз үйіне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралды. Ал 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.
«11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», - делінген хабарламада.