Швецияда Eurovision финалы өткен жерде Израильге қарсы шерулер ұйымдастырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Финалда Израиль әншісі өнер көрсетеді

Фото: Bild

Eurovision ән байқауы өткен Швецияның Мальме қаласында мыңнан астам адам палестиналықтарды қолдап, митингке шықты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдік Ynet басылымы кейбір демонстранттар «Еврейлерді Польшаға қайтарыңдар» немесе «Израиль – қанішер! Синвар Яхья (ХАМАС көшбасшысы), біз сенің өлуіңе жол бермейміз» деген ұрандар айтып жатқанын жариялады.

Ал Бельгияның VRT телеарнасы жартылай финалда Hurricane әнімен өнер көрсеткен израильдік әнші Эден Голанды көрсетуден бас тартты.

«Бұл кәсіподақ акциясы. Біз Израильдің адам құқықтарын бұзып жатқанын қатаң айыптаймыз. Сонымен қатар, Израиль баспасөз бостандығын бұзып жатыр», - деп бельгиялық телеарна Эден Голанның әнінің орнына осындай хабарламаны көрсетті.

Эден Голанның сахнаға шығар жолдағы қауіпсіздігін 100-ден астам полиция қызметкері күзетеді. Израильдік әнші қонақүйден тек дайындық үшін шығады.