Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ құрықталды

Azattyq Rýhy

Олардың әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады

Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ құрықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда тұрғын алабында мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты – мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруы нәтижесінде жасалады. Олар мүліктерін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қалдырады.

«Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.