Ақтауда көпқабатты үйдің жанынан әйел адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің себебі әзірге белгісіз

Фото: Lada.kz

Ақтауда көпқабатты ғимараттың жанынан әйел адамның мәйіті табылды. Белгісіз әйелдің денесін сол үйдің тұрғындары бірінші көрді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

№24 үйдің тұрғындары бүгін сағат 09:00 шамасында әйел адамның мәйітін байқағанын хабарлады. Ол етбетімен жатып қалды.

Тоғыз қабатты үйдің тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста көрінеді, ол бұл ғимаратта тұрмаған. Тұрғындар оны бірінші рет көріп тұр. Маңайдағы адамдар көмек сұраған дауысты естімегенін айтты.

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі жоқ. Басылымның жазуынша, қазір учаскелік инспектор үйлерді аралап тексеріп жүр.