Ол ХАМАС ұйымы атысты тоқтатуға келіскенін айтты
Түркия президент Режеп Тайып Ердоған палестиналық ХАМАС ұйымымен келісім жасалғанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі TRT сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«ХАМАС біздің ұсынысымыз негізінде атысты тоқтату туралы келісімді қабылдағанына қуаныштымыз», - деді ол.
Түркия президенті үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.
Ердоған ХАМАС Қатар мен Мысыр ұсынған атысты тоқтату келісімін қабылдағанын жариялағаннан бірнеше минуттан кейін сөз сөйледі.
«Израиль де осындай қадамға баруы керек. Мен барлық батыстық субъектілерді бейбітшілік үшін Израиль әкімшілігіне қысым жасауға шақырамын», - деді Түркия президенті.